
Андосов Ғалымжан Абдиманатұлы
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Өмірбаян
Андосов Ғалымжан Абдиманатұлы - 01 маусым 1987 жылы Кентау қаласында дүниеге келген, білімі – жоғары, отбасылық жағдайы- жанұялы, 1 ұл 1 қыз тәрбилеуде.
2012 жылы «Мирас» университетін - радиотехника, электроника және телекоммуникациялар бакалавры, 2017 жылы - Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін құқық бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
01.07.2006 - 01.04.2007 жылдары Кентау қалалық мұражайының есепшісі;
02.05.2007 - 23.10.2008 жылдары «Гидроармауқұрылыс» АҚ-ның 3-ші дәрежелі бетон құюшысы, 3-ші дәрежелі бұрғылаушысы;
17.11.2008 - 30.06.2009 жылдары «ЕРСАЕС» құрылыс компаниясы» ЖШС-нің 3-ші дәрежелі бұрғылаушысы, 4-ші дәрежелі монтажнигі, Кентау қаласы;
30.06.2010 - 31.12.2010 жылдары «Кентауэнерго» ЖШС-ның өтінім бөлімшесінің тексерушісі;
05.01.2011 - 07.06.2012 жылдары «Нурстрой ЛТД» ЖШС-ның материалдық есепшісі, дайындық учаскесінің аға шебері, Түркістан қаласы;
06.08.2012 - 12.12.2012 жылдары «КамазЕвроСервис» ЖШС-ның автослесары, Шымкент қаласы;
02.06.2014 - 28.07.2016 жылдары Кентау қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің маманы, Кентау қаласы;
01.08.2016 - 31.08.2017 жылдары «Шахта Құрылыс К.Е.» ЖШС-ның біліктілігін жетілдіру және дәреже арттыру бойынша инженер маманы, Кентау қаласы;
05.01.2015 - 02.10.2017 жылдары «Байкенже» шаруа қожалығының басшысы, Кентау қаласы;
05.10.2017 - 19.07.2019 жылдары №7 колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
19.07.2018-22.10.2020 жылдары «Ащысай Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының өтінім бөлімінің басшысы;
22.10.2020-24.07.2023 жж Ащысай ауылының әкімі
05.07.2023 бүгінгі таңға дейін Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, әлеуметтік сектор меңгерушісі қызметін атқарып келген.





