
Негметжанов Талғат Тұрсұнахунұлы
Бөлім басшысы
Өмірбаян
1982 жылы 6 қаңтарда Текелі қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Құқық және нарық академиясын қаржыгер мамандығы бойынша, 2011 жылы Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын құқық бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары Алматы облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының стратегиялық жоспарлау және талдау бөлімінде бас маман қызметін атқарды.
Алматы облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының нақты сектор экономикасын дамыту бөлімінің бастығы.
Алматы облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының нақты сектор экономикасын дамыту және инвестициялар бөлімінің бастығы.
Алматы облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының Стратегиялық жоспарлау және талдау бөлімінің бастығы, Талдықорған қаласы.
Алматы облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, Талдықорған, Алматы облысы.
Облыс әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің бас инспекторы, Талдықорған қаласы, Жетісу облысы.
Облыс әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас инспекторы.
2024 жылдың 23 ақпанынан бастап Жетісу облысының жұмылдыру даярлығы басқармасының Жұмылдыру даярлығы және әскери қызметке шақыру бөлімінің басшысы болып тағайындалды.



