
Жумабаев Ержан Толеугалиевич
Қыземшек кентінің әкімі
Өмірбаян
Жумабаев Ержан Толеугалиевич 1984 жылы 1 маусымда Созақ ауданы, Тасты ауылында дүниеге келген.
Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2006 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Математика және информатика пәнінің мұғалімі», 2008 жылы Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетін «есеп және аудит» мамандықтарғы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 2010 жылы Тасты ауыл әкімшілігінде жетекші маман мал дәрігері болып бастаған. 2010-2013 жылдары Тасты ауыл әкімшілігінің техник, нұсқаушысы және бухгальтері, 2013-2014 жылдары Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің көлік жүргізушісі, 2015-2017 жылдары Созақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Салықты әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы қызметтерін атқарған.
2017 жылдың тамыз айынан бастап Созақ ауданының Қыземшек кентінің әкімі қызметін атқарып келеді.
Жанұялы.