
Ахметов Мади Абылайұлы
Алматы облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы
Өмірбаян
1995 жылдың қыркүйегінде туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (бакалавр, магистратура).
Еңбек жолын 2014 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Медиасфера» ғылыми-зерттеу орталығында тағылымдамадан өтуші-ғылыми қызметкер болып бастаған.
Әр жылдары Алматы қаласындағы жастар ұйымдарының жетекшісі, Халықаралық бизнес университетінің баспасөз хатшысы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті тәрбие жұмысы жөніндегі деканының орынбасары, қоғамдық қордың директоры, МЖСДҚ төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарған.
2021 жылғы қаңтардан бастап-VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2023 жылдың желтоқсан айынан бастап - Алматы облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы.