
Қойгелдин Дәурен Бақытжанұлы
Абай облысы Мақаншы ауданының әкімі.
Өмірбаян
Қойгелдин Дәурен Бақытжанұлы 1984 жылы 23 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген.
2005 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2010 жылы Қазақ қаржы-экономикалық академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша, 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихаты аппараты бас маманының міндетін атқарушы қызметінен бастаған.
2006–2008 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы;
2008–2009 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихаты аппаратының бөлім басшысы;
2009–2011 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихаты аппаратының басшысы;
2011–2012 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Қ. Аухадиев атындағы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы;
2012–2013 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Қ. Аухадиев атындағы ауылдық округінің әкімі;
2013–2018 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігі аппаратында түрлі басшылық лауазымдарды атқарды;
2018–2024 жылдары – Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары;
2024 жылғы 20 ақпаннан бастап – Абай облысы Мақаншы ауданының әкімі.



