
Өмірбаян
Алтайұлы Азамат - 1993 жылы 2 қыркүйекте Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2015 жылы «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін» «Мұнай газ ісі, техника және технология» мамандығы бойынша бітірген.
Отбасылы.
Еңбек жолы:
2016-2017 жылдары аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылыар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы;
2017-2018 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы;
2018-2019 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы;
2019-2020 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы;
2021-2023 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы;
2023 жылдан бері Арал қаласы әкімінің орынбасары