Бердібаев Айбол Әбжаппарұлы

    Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

    Бердібаев Айбол Әбжаппарұлы
    Руководитель отдела

    Бердібаев Айбол Әбжаппарұлы

    Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Бердібаев Айбол Әбжапбарұлы 1962 жылы 6 қазанда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам ауылында туған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.

    1985 жылы Жамбыл гидромелиорация құрылыс институты инженер-гидротехник және 2007 жылы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын дене шынықтыру және спорт пәнінің мұғалімі мамандықтары бойынша бітірген.

    Бердібаев Айбол Әбжапбарұлы еңбек жолын 1979 жылы Коммунар совхозы, Коммунар ауылында жұмысшы болып бастаған.

    1980-1985 жылы Жамбыл қаласында студент, Жамбыл гидромелиорация құрылыс институты, 1985-1987 жылдары Коммунар ауылында аға гидротехнигі, 1987-1988 жылдары Коммунар совхозы комсомол комитетінің хатшысы, 1988-1989 жылдары Қазақстан ЛКСМ Сарысу аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1989-1992 жылдары Аудандық комсомол комитеті және аудандық «Комсомол прожекторы» штабының екінші хатшысы, төрағасы, 1992 жылы, Қазақстан ЛКСМ Сарысу аудандық ұйымы тарату жөніндегі арнайы комиссиясы төрағасының орынбасары, аудандық жастар ісі және спорт жөніндегі бөлімінің аға маманы, 1992-1994 жылдары Сарысу ауданы әкімшілігі, жастар ісі және спорт жөніндегі бөлімінің меңгерушісі, 1994-1997 жылдары аудан әкімшілігінің жастар ісі, туризм және спорт басқармасының бастығы, 1997-1998 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппараты, жастар ісі, туризм және спорт бөлімінің маманы, 1998 жылы аудандық мәдениет, спорт және туризм бөлімінің бас маманы, 1999-2004 жылдары Жастар ісі, туризм жөніндегі басқармасының бастығы, 2005-2006 жылдары Сарысу ауданы әкімиятының білім және спорт бөлімінің бас маманы, 2006-2010 жылдары Сарысу ауданы әкімиятының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы, 2010-2012 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор жетекшісі, 2012-2013 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы, 2013-2021 жылдары Игілік ауылдық округінің әкімі, 2021 жылдың наурыз айынан бастап Сарысу ауданы әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

    Отбасылы, 3 бала тәрбиелеуде.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері