
Байрахметов Елдос Жанболатұлы
Үлкен Нарын ауданының әкімі
Өмірбаян
Байрахметов Елдос Жанболатұлы 1990 жылы 25 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Балғын ауылында дүниеге келген.
2009 жылы - Экономика және қаржы колледжін Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша бітірді.
2015 жылы -Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы "Қазақтелеком " АҚ операторы болып бастаған.
2012 жылдан 2013 жылға дейін "Қазақтелеком" АҚ техник, инженер- жобалаушы болып жұмыс істеді.
2016 жылдан 2018 жылға дейін "Астанателеком" КҚКО-да әр түрлі лауазымда жұмыс істеді.
2019 жылдан 2021 жылға дейін Ертіс ӘКК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
2021 жылдан 2022 жылға дейін Мәскеу қаласындағы Евразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесінің (Министрдің) кеңесшісі, көмекшісі болып жұмыс істеді.
2022 жылғы қарашадан 2023 жылдың қаңтарға дейін Щығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2023 жылдың ақпан айынан бастап Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық -инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.
2024 жылдың ақпанынан бастап Үлкен Нарын ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
2024жылғы24қыркүйектенбастапШығыс Қазақстан облысыәкімініңөкіміменШығысҚазақстаноблысыҮлкенНарынауданыныңәкімілауазымынатағайындалды.


