
Өмірбаян
Туған жылы: 07.07.1977ж
Туылған жері: Жетісу облысы, Ақсу
ауданы, Сағабуйен ауылы
Тұрғылықты жері: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы
Білімі: жоғары
Жалпы еңбек өтілімі: 26 жыл 1 ай
Спорт саласындағы еңбек өтілімі: 26 жыл 1 ай
Еңбек өтілі:
1998 - 2000 - Дене тәрбие мұғалімі
2000-2002 - «Олимпиадалық резервтер және ұлттық командалардың штаттық дирекциясы» Жетісу филиалы, бас маман
2002-2005 - Талдықорған қаласының ОРМБЖМ, әдіскер.
2005-2017 - КММ «Олимпиадалық резервтер дайындау орталығы», директор орынбасары.
2017-2022 - «Спорттың ойын турлері бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, директор
2022-04.2023. - «Намыс» спортты дамыту дирекциясы, директор
Спорттық атағы:
- Бокстан спорт шебері,
- Жағажай футболынан спорт шебері.
- Халықаралық дәрежедегі AIBA 3 Star & APB/WSB төрешсі.
- «Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушысы» бокстан
Марапаттары:
2010 ж. - Алматы облысында спортты дамытуға атқарған зор еңбегі үшін және “Спорт күніне” орай Алматы облысының әкімінің құрмет грамотасы.
2012ж. - Жас ұрпаққа ерен еңбегі үшін, қоғамдық еңбектері үшін Талдықорған қалалық маслихатының хатшысының құрмет грамотасы.
2014ж. - Қазақстан Республикасы бокс Федерациясының “Үздік төреші” атағы.
2015ж. - Алматы облысында спортты дамытуға, жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеуде атқарған зор еңбегі үшін және “Спорт күні” мерекесіне орай Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының құрмет грамотасы.
2016ж. - ҚР-нің Спорт күніне орай, спорт саласындағы жеткен толағай табыстары мен қаланың қоғамдық өміріне белсенді атсалысқаны үшін Талдықорған қала әкімінің құрмет грамотасы.
2016ж. - Елбасының халыққа Жолдауының басымдылықтарының бірі-салауатты өмір салтын, дене тәрбиесі мен спортты насиаттаудағы еңбегі үшін және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының құрмет грамотасы.
2016ж.,2017ж. - “ASBC үздік төрешісі” номинациясының иегері, Азия бокс федерациясы.
2017ж. - Қазақстан Республикасы бокс федерациясының “Үздік төреші” номинациясының жеңімпазы.
2018ж. - Бауыржан Момышұлының “Батыр шапағаты” медалімен марапатталған.
2020ж. - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрлігінің төс белгісі “Дене шынықтыру мен спорт дамытуға сіңірген еңбегі үшін”
2021ж. - “Алматы облысы спортының дамуына қосқан үлесі үшін” төс белгісі.
2021ж. - “Облыстың дене шынықтыру мен спорт саласын дамытудағы жемісті еңбегі үшін” Алматы облысы әкімінің құрмет грамотасы.
2022ж. - Жетісу облысы “Спорт саласының үздігі” төс белгісі.
2024ж. - Жетісу облысы “Спорт саласының үздігі” төс белгісі.
Қоғамдық жұмыс:
2010-2022 - Алматы облысының бокстан төрешілер алқасының төрағасы.
2011-2016 - Қазақстан Республикасының бокс Федерациясының жауапты хатшысы.
2016-2018 - ҚР бокс федерациясының бокстан төрешілер алқасының төрағасы
2017-2022 - Алматы облысының бокс Федерациясының вице-президенті
2021 - «Токио 2020» XXXII-ші жазғы олимпиада ойындарында бокс бойынша төреші
2022 – к.у.д. Жетісу облысының бокс Федерациясының вице-президенті.
2024 - «Париж 2024» XXXIIІ-ші жазғы олимпиада ойындарында бокс бойынша төреші.





