
Өмірбаян
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН): 740308303756 Лауазымы, жұмыс, қызмет (кәсіпорын, мекеме, ұйым бөлімшесінің атауы дәл көрсетілуі керек) «Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Көгалдағы хоккейден мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры. Жынысы: ер Туған жылы мен туған жері 08.03.1974ж., Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы Ұлты қазақ Білімі жоғары Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен наградталған және наградталған уақыты: 1.Алматы облысы әкімінің Алғыс хаты (2015 ж.), 2.2017 жылғы Дүниежүзілік Қысқы Универсиаданы өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің алғыс хаты (Алматы қ.), 3.Қазақстан Республикасы көгалдағы хоккей федерациясының алғыс хаты (2017 ж.); 4. Азия Хоккей Федерациясының алғыс хаты (2019 ж.); 5.Облыстың «Үздік спорт қызметкері» атағы (2021 ж.); 6.Жетісу облысының әкімінің алғыс хаты (2022 ж.); 7. Азия Хоккей Федерациясының алғыс хаты (2024 ж.); Мекен жайы Талдықорған қаласы, 9 «Жұлдыз» шағын ауданы, 18/23 Жалпы жұмыс өтілі 33 жыл 1 ай Саладағы жұмыс өтілі 30 жыл 6 ай Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі 6 жыл 8 ай |
Нақты айрықша еңбегін сипаттайтын мінездеме: Махмуд Мамытбайұлы 1984-1994 жылдар араығында грек-рим күресімен шұгылданды. Өзбекстанның 7 дүркін чемпионы, көптеген халықаралық және бүкілодақтық турнирлардың жеңімпазы атанып, Афиныда жастар арасында өткен Әлем чемпионатына қатысқан. Грек-рим күресінен «Спорт шебері» нормативін орындады. 2021 жылы Греция, 2022 жылы Болгария, 2023 жылы Греция, 2024 жылы Хорватияда грек-рим күресінен Ардагерлер арасында өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. |
2003-2011 жылдар аралығында Талдықорған қаласындағы №1 БЖСМ-де грек-рим күресінен жаттықтырушы қызметін атқарды. 2008 жылдан бастап көгалдағы хоккейден жаттықтырушы қызметіне қайта біліктендірілді. Индорхоккей мен көгалдағы хоккейден ерлер мен әйелдер арасында да ҚР бірнеше дүркін чемпиондарын, Ресей мен Азия чемпиондарын, ерлер арасында индорхоккейден Азия чемпионатының күміс жүлдегерлерін, ерлер арасында көгалдағы хоккейден І Орта Азия Кубогының жеңімпаздарын, ерлер мен әйелдер арасында Азия ойындарының және Әлем чеспионаты қатысушыларын дайындады. 100-ден аса «Спорт шеберлерін», 15 «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шеберін» дайындады, 17 тәрбиеленушісі ерлер арасындағы ҚР Ұлттық құрамасының мүшелері, 10 ойыншысы ҚР жастар арасындағы ұлттық құраманың мүшелері, 16 қыз-әйелдер арасындағы ҚР Ұлттық командасының мүшелері, 12 қыз- ҚР Ұлттық құрамасының мүшелері болып табылады. 2017 жылы «Көгалдағы хоккейден ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағына ие болды.





