Сапажанов Самат Саулетович

    Директор

    Сапажанов Самат Саулетович
    Директор

    Сапажанов Самат Саулетович

    Директор

    Өмірбаян

    Туған жылы: 29.09.1983

    Туылған жері: Талды-Курган облысы, Бақтыбай ауылы

    Тұрғылықты жері: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Малайсары батыр көшесі, 8 үй.

    Білімі: жоғары

    - 2000-2002 жж Республикалық спорт колледжі. Мамандығы: спорт жаттықтырушысы және дене шынықтыру мұғалімі.

    - 2002-2005 жж Қазақ көлік және коммуникация академиясы. Мамандығы: темір жол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру, инженер.

    - 2007-2009 Қазақ спорт және туризм академиясы. Мамандығы: спорт жаттықтырушысы және дене шынықтыру мұғалімі.

    Спорттық атағы:

    • велоспорттан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы;
    • велоспорттан Қазақстан Республикасының спорт шебері.

    Еңбек жолы:

    2000-2004 ж.ж. - Қазақстан Республикасының велоспорттан ұлттық құрамасының мүшесі. Қазақстан Республикасының велоспорттан ұлттық құрамасының құрамындағы республикалық және халықаралық жарыстардың мүшесі.

    2004-2007 ж.ж. - Алматы қаласындағы Х.Мұңайтпасов атындағы Республикалық спорт колледжінде велоспорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы.

    2007-2011 ж.ж. - Қазақстан Республикасы «Олимпиадалық резервтер дайындау орталығында» жаттықтырушы болып жұмыс істеді.

    2011-2013 ж.ж. Қазақстан Республикасы «Олимпиадалық резервтер дайындау орталығында» велоспорттан аға жаттықтырушы болды.

    2013-2014 ж.ж. Талдықорған қаласындағы Андрей Кивилев атындағы облыстық велоспорттан олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің әдіскері.

    2014-2015 ж.ж. - Талдықорған қаласындағы Андрей Кивилев атындағы облыстық велоспорттан олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде жаттықтырушы-оқытушы болды.

    2017 ж. - «Keyi Look» кәсіби велоклубының директорының ассистенті.

    2018 ж. - «APPLE TEAM» кәсіби велоклубының спорттық директоры

    2018 ж. - Талдықорған қаласындағы Андрей Кивилев атындағы облыстық велоспорттан олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры болып тағайындалды.

    Жетістіктері:

    • ҚР Ұлттық құрама командасының сапында республикалық және халықаралық жарыстарының жүлдегері;

    - Жаттықтырушы-оқытушылық қызмет жылдары «Дене шынықтыру, спорт және туризм Министрлігінің» алғыс хаттарымен, «ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің» сонымен қатар Алматы облысы әкімшілігінің алғыс хаттарымен марапатталған.

    - Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері