Таласбекова Злиха Елубаевна
Мәслихат аппаратының басшысы
Өмірбаян
Злиха Елубайқызы Таласбекова-1965 жылы 22 тамызда Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылында дүниеге келген.
Білімі-жоғары.
1996 жылы Атырау университетін бітірген.Х.Досмұхамедова "бастауыш мектептің педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы бойынша, 2020 жылы Атырау инженерлік - гуманитарлық институты"Экономика"мамандығы бойынша.
"Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл" мерейтойлық медалімен," Астана - 20 жыл" мерейтойлық медалімен,"Алтын Қыран"төсбелгісімен марапатталған.
Еңбек жолын 1985 жылы "Металлоизделия"зауытында штамптаушы болп бастаған.
1985 - 1988 жылдары Гурьев педагогикалық училищесінде студент
1988-1989 жылдары Мұқыр орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі
1989-1990 жылдары Сағыз теміржол мектебінде мұғалім
1990-1992 жылдары №94 бала бақшасында меңгеруші
1992-1995 жылдары Мұқыр теміржол бекетіндегі №83 орта мектебінде мұғалім
1995-2001 жылдары Атырау қаласындағы №76 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі
2002-2003 жылдары Мақат ауданы әкімі аппаратында әлеуметтік - мәдени даму бөлімінің бас маманы
2003-2004 жылдары Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің Жастар саясаты бөлімінің бас маманы
2004-2005 жылдары Атырау облысының Ішкі саясат департаментінің Тіл саясаты бөлімінің бас маманы
2005-2006 жылдары Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің Ақпараттық саясат және БАҚ - ның мониторингі бөлімінің бас маманы
2006-2007 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының бас маман-баспасөз хатшысы
2007-2010 жылдары Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің электрондық құжатайналымы, құжаттардың орындалуын бақылау және веб-сайтпен жұмыс бөлімінің басшысы
2011-2012 жылдары Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің бас маманы
2012-2013 жылдары Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қоғамдық - саяси талдау бөлімінің басшысы
2013-2016 жылдары Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қоғамдық - саяси талдау бөлімінің басшысы
2016-2022 жылдары Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары
2022 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Атырау қаласы Мәслихатының аппарат басшысы