
Өмірбаян
Абзал Сейлжанұлы қасленкин 1991 жылы 15 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Сарыбұлақ ауылында дүниеге келген. 2010 жылы "Көкше" академиясы жанындағы колледжді экономика, бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша, 2019 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін экономика және бизнес бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын "Спецэнержи" ЖШС дефектоскопист көмекшісі, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, "Өзен экология" ЖШС газ талдау зертханашысы, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, "Спецэнержи" ЖШС Инженер-дефектоскописті, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, "Мұнай Құрылыс Сервис" ЖШС директоры, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, "Спецэнержи" ЖШС Инженер-дефектоскопист, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қ., "СҚО Шал ақын ауданы әкімінің аппараты" ММ персоналды басқару қызметінің жетекші маманы Г. Сергеевка, "СҚО Шал ақын ауданы әкімінің аппараты" КММ Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру-бақылау, ақпараттық-талдау жұмысы және мониторингі бөлімінің бас маманы, "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты" КММ Қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету құрылымдық бөлімшесінің бас маманы, аудан әкімінің Төтенше жағдайлар, азаматтық қорғау және жұмылдыру жөніндегі көмекшісі "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты" КММ аумақтық қорғанысына дайындық, 2023 жылғы 29 тамыздан бастап Көкалажар ауылдық округінің әкімі.