
Жетілгенов Мұхтар Әбдімаратұлы
Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" КММ-нің басшысы
Өмірбаян
Жетилгенов Мухтар Абдимаратович 1991 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген;
2012 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша бітірген;
Еңбек жолын 2013 жылы "Байқоңырэнерго" ГУП ПЭО жылу энергиясын тарату бөлімінің 4-разрядты технигі болып бастады;
2017 - 2018 жж. - "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қызылорда облысының статистика департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі тіркелімдер басқармасының жетекші маманының м. а.;
2018 - 2019 жж. - "Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру бөлімінің бас маманының м.а;
2019 - 2022 жж. - "Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын іске асыру бөлімінің бас маманы;
2022 - 2023 жж. - "Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің туризмді дамыту бөлімінің басшысы;
2024 жылдың 5 сәуірінен бастап 2024 жылдың 18 шілдесіне дейін қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің өнеркәсіп және инвестициялар секторының меңгерушісі қызметін атқарды.
2024 жылғы 18 шілдеде қала әкімінің өкімімен Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" КММ басшысы болып тағайындалды.





