
Мұхамедияр Жазира Низамуддинқызы
Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі" КММ-нің басшысының м.а.
Өмірбаян
Мұхамедияр Жазира Низамуддинқызы 1991 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2010 жылы Қызылорда гуманитарлық-заң колледжін "құқықтану"мамандығы бойынша бітірген;
2019 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы "Транстелеком" АҚ-ның Қызылорда филиалының заңгер көмекшісі болып бастады;
2013 - 2021 жылдары - қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекші маманы;
2021 - 2023 жылдары - "Қызылорда қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" КММ бас маманы;
2023 - 2024 жылдары - "Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спорт секторының меңгерушісі;
2024 жылдың 3 сәуірінен бастап қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің бас маманы.





