
Менжанова Виктория Темірханқызы
Руководитель отдела
Өмірбаян
Менжанова Виктория Темірханқызы, 1973 жылдың 18 қарашасында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.
Білімі – жоғары. 2002 жылы Маңғыстау политехникалық колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша, ал 2021 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1991 жылдың 14 наурызында Маңғыстау облыстық зейнетақы және жәрдемақы тағайындау мен төлеу орталығында инспектор қызметінен бастаған.
1993 жылдың 9 тамызынан бастап Маңғыстау облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасына зейнетақы және жәрдемақы бөліміне маман болып ауыстырылып қабылданды. 1994 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықта зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауды бақылау және тексеру бөлімі, аз қамтамасыз етілген азаматтарға жәрдемақы тағайындау бөлімі, әлеуметтік нормативтер және әлеуметтік көмек бөлімі, экономика және мемлекеттік сатып алу бөлімі, әлеуметтік оңалту бөлімі сияқты басқарманың әртүрлі құрылымдық бөлімдерінде аға маман, бас маман лауазымдарын атқарған.
2024 жылдың 1 сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік оңалту бөлімінің басшысы қызметін атқарады.




