Андакулов Әлімжан Жәмиұлы

    Егіндібұлақ ауылдық округ әкімі

    Андакулов Әлімжан Жәмиұлы
    Аким

    Андакулов Әлімжан Жәмиұлы

    Егіндібұлақ ауылдық округ әкімі

    Өмірбаян

    Андакулов Әлімжан Жамиұлы 1963 жылдың 15 мамыр айында Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданында дүниеге келген. Әкесі Андакулов Жәми 1926 жылы туылған , соғыс ардагері. 2008 жылы қайтыс болған. Анасы Нуриманова Шыналқа 1930 жылы дүниеге келген, 1997 жылы қайтыс болған. 1970 жылы Родник ауылының М.В.Ломоносов атындағы орта мектебіне қабылданып, 1980 жылы осы аталған мектепті аяқтаған. 1980-1981 жылдары Родник ауылында әртүрлі жұмыс атқарған. 1981 жылы Қызылорда қаласындағы Жамбыл гидромелиарация –құрылыс институтының «Құрылыс инженері» мамандығы бойынша жоғары оқуға түсіп, 1986 жылы тәмамдаған. Оқып жүрген уақыт аралығында еркін күрестен мастер атағына үміткер болған. 1986-1988 жылдар аралығында әскер қатарында болған.

    1989-1991 жылдар аралығында Родник ауылында құрылыс мастері, 1991-1996 жылдарда аға прораб болып қызмет болған. 1996-1999 жылдары Ембі совхозында директор орынбасары болып, 1999-2010 жылдары «Назерке» шаруа қожалығын басқарды. 2010 жылдан бастап 2016 жылдар аралығында Бұлақты орта мектебінің спорт жаттықтырушысы болып қызмет атқарды. 2016 жылдың 23 қыркүйегінен бастап Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайланып, осы уақытқа дейін қызмет етуде.