Андреева Елена Павловна

    Бөлiм басшысы

    Андреева Елена Павловна
    Руководитель отдела

    Андреева Елена Павловна

    Бөлiм басшысы

    Өмірбаян

    Шал ақын ауданы әкiмiнiң өкiмiмен Елена Павловна Андреева Солтүстiк қазақстан облысы Шал ақын ауданының экономика және қаржы бөлiмiнiң басшысы лауазымына тағайындалды.

    Елена Павловна 1981 жылы 15 ақпанда дүниеге келген (Солтүстiк Қазақстан облысы, Сергеевка ауданы, Ступинка ауылы).

    2003 жылы Петропавл бизнес және басқару институтын бiтiрдi. Мамандығы — «Қаржы және несие».

    Еңбек жолын Ступинка орта мектебiнде математика пәнiнiң мұғалiмi болып бастады.

    2004 жылдан 2006 жылдың наурызына дейiн «Шал ақын ауданы Ступин ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ-нiң жетекшi маманы болып жұмыс iстедi.

    2006 жылдың наурыз айынан 2006 жылдың желтоқсан айына дейiн «Шал ақын ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ-нiң экономика мәселелерi бойынша аудан әкiмi орынбасарының бас маман — көмекшiсi болып жұмыс iстедi.

    2006 жылдың желтоқсанынан 2012 жылдың наурызына дейiн «Шал ақын ауданының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» ММ-нiң бас маманы болып жұмыс iстедi.

    2012 жылғы наурыздан 2013 жылғы қарашаға дейiн «Шал ақын ауданының экономика және бюджеттiк жоспарлау» ММ-сi бөлiмiнiң бастығы болып жұмыс iстедi.

    2013 жылдан 2016 жылға дейiн «Шал ақын ауданының экономика және қаржы бөлiмi» ММ-сi басшысының орынбасары болып жұмыс iстедi.

    2016 жылдан 2019 жылға дейiн «Шал ақын ауданы әкiмдiгiнiң экономика және қаржы бөлiмi» КММ-нiң басшысы

    2019 жылдан 2020 жылға дейiн Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкiмiнiң экономика және әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi орынбасары.

    2020 жылдан бастап қазiргi уақытқа дейiн –«Шал ақын ауданы әкiмдiгiнiң экономика және қаржы бөлiмi» КММ-нiң басшысы

    Тұрмыста, екi бала тәрбиелеп отыр.