Әлмешов Алтынбек Елтайұлы

    Қыраш ауылдық округінің әкімі

    Әлмешов Алтынбек Елтайұлы
    Аким

    Әлмешов Алтынбек Елтайұлы

    Қыраш ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Жалпы ақпарат, білім

    Әлмәшов Алтынбек Елтайұлы 1986 жылы 16 мамырда дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының азаматымын. 2004-2008 жылдары Астана қаласы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетинің Техникалық факультеті, «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша, 2016-2018 жылдары Қызылорда қаласы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша бітірген.

    Мансап

    2007-2011 жылдар аралығында еңбек жолымды Астана қаласында «Нұржол» жеке меншікті баспасы» ЖШС-де директор.

    2009-2011 жылдар аралығында «Марсель Петролеум» ЖШС-де геологиялық қызмет басшысы.

    2012-2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы, Дене шынықтыру және спорт ісі жөніндегі агенттігінің «Сарыарқа» Республикалық велотрегі» РМҚК өндірістік-техникалық қамтамасыз ету менеджері.

    2015-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы, Мәдениет және спорт министрлігінің «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК өндірістік-техникалық қамтамасыз ету менеджері.

    11.01.2016-01.03.2016 жылы өндірістік-техникалық бөлім басшысының міндетін атқарушы;

    2016-2019 жылдар аралығында Қызылорда облысында «Арай» шаруа қожалығының төрағасы; 2021-2024 жылдары «Қалдан» шаруа қожалығының төрағасы.

    2024 жылдың 18 наурызынан бастап осы күнге дейін Қыраш ауылдық округінің әкімі қызметін атқаруда.