
Аймурзаева Эльмира Асанқызы
«Мұнайлы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметінің /кадр қызметі бөлімі
Өмірбаян
Аймурзаева Эльмира Асанқызы 1985 жылдың 19 ақпанында Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Орал қаласында алғаш мектеп табалдырығын аттап, 2001 жылы Маңғыстау ауылындағы №26 орта мектептің 11 сыныбын аяқтады.
2001 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетіне «Кеден ісі» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2005 жылы «Заңгер-кеденші» біліктілігін алып аяқтады.
2018 жылы Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетіне «Құқықтану» мамандығы бойынша түсіп, 2020 жылы «Құқық бакалавры» дәрежесімен аяқтады.
Еңбек жолы:
03.10.2005-31.03.2006 - «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде әлеуметтік карталарды жасақтаушы
06.07.2006-12.03.2009 - «Маңғыстау селосы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы
12.03.2009-08.11.2010 - «Маңғыстау селосы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімше жетекшісі
08.11.2010-01.07.2011 – «Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бас маманы
01.07.2011-01.07.2023 - «Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй секторының меңгерушісі
01.07.2023 жылдан бүгінгі күнге дейін «Мұнайлы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметінің /кадр қызметі/ басшысы қызметін атқарады.





