
Өмірбаян
Үсіп Жақсылық Раушанбекұлы 1980 жылы Төлеби ауданы, Көксәйек ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Көксәйек ауылындағы Төлеби атындағы орта мектепті, 1999 жылы Шымкент экономика және қаржы колледжін, 2005 жылы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі – заң қызметкері және заңгер. Отбасылы, екі перзент тәрбиелеп өсіруде.
Еңбек жолын 2005 жылы Төлеби ауданы Ленгер қаласыда «Ақжол 2004» ЖШС-інде заңгер болып бастаған. 2006—2007 жылдары Көксаек ауылындағы Төлеби аудандық ауруханасында заңгер, 2007 жылдан Төлеби ауданы әкімі аппараты заң бөлімінің бас маманы болып еңбек еткен.2012-2020 жылдары Төлеби ауданы әкімі аппараты заң бөлімінің бас инспекторы,терроризмге қарсы комиссияның қызыметін ұйымдастыру жөніндегі аудан әкімінің кеңесшісі болып қызмет атқарған.
2020 жылдың 21 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 20 қараша аралығында Зертас ауылдық округінің әкімі, 2023 жылдың 10 желтоқсан айында қайта сайланып Зертас ауылдық округінің әкімі лауазымдық қызметін атқарып келеді. «Аманат» партиясының мүшесі