Өмірбаян
Нурмаханбетова Рахат Насибалиевна 1982жылы 14шілдеде Жамбыл облысы Қордай ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген.2000жылы Қырғыз Республикасы Бішкек қаласындағы И.Арабаев атындағы Қырғыз Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің қаржы және экономика факультетіне оқуға түсіп, 2004жылы аяқтаған.
Еңбек жолын 2005-2012жылдары Қордай аудандық қаржы бөлімінің бас маманы болып бастаған. 2015жылы Қордай аудандық қаржы бөлімінің хатшысы. 2019-2020жж Қордай ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің іс жүргізушісі, 2020жылы мемлекеттік қызметкер.
2020-2021жж Қордай ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы. 2021жылдың 31желтоқсанынан бастап осы күнге дейін Қордай ауданы Жамбыл ауылдық округінің бас маманы болып жұмыс істеуде.


