
Ермуханов Адильхан Кажымуканович
Жетісу облысы Алакөл ауданы Қайнар ауылдық округі әкімі аппаратының ауыл шаруашылығы жөніндегі бас маманы
Өмірбаян
Ермұханов Әділхан Қажымұқанұлы 9 қараша 1996 жылы Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген;
2003 жылы Қайнар орта мектебінің табалдырығын аттап, 2014 жылы 11 сыныпты бітірген.
2014-2018 жылдары, Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын алып шықты.
2019 жылы 19 қараша айында Алматы облысы Алакөл ауданы Қайнар ауылында «Алакөл ауданының Қайнар ауылдық округі әкімінің аппараты», мемлекеттік мекемесінде салық жөніндегі бас маманы лауазымына қабылданды.
2024 жылдың 28 тамызынан бастап осы уақытқы дейін ауыл шаруашылығы жөніндегі бас маман қызметін атқарып келеді.


