
Өмірбаян
Қазақстан Республикасы Қарулы күштер қатарына 2000 жылдың мамыр айында шақырылдым. 2002 жылдың мамыр айында әскери борышымды өтеп келдім.
2002 жылдың 1 қарашада Жонғар орман шаруашылығы ММ-не орман күтуші-қорықшы болып жұмысқа орналастым. 2013 жылдың 4 сәуірінде өз еркіммен жұмыстан босатылдым. Қызмет атқарған ұйым Жетісу обылысы Аксу ауданы Қапал ауылында орналасқан.
2015 жылдың 13 мамырында Суықсай ауыл округ әкім апараты ММ-не спорт жаттықтырушы болып жұмысқа орналастым. 2022 жылдың 5 қаңтарында ауылдық округтен ауданға ауысуға байланысты жұмыстан босатылдым. Қызмет атқарған ұйым Жетісу обылысы Аксу ауданы Суықсай ауылында орналасқан.
2022 жылдың 5 қаңтарында Ақсу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі ММ-не спорт жаттықтырушы болып жұмысқа орналастым. 2022 жылдың 1 ақпанында білімімнің сәйкес келмеуінің салдарынан жұмыстан босатылдым. Қызмет атқарған ұйым Жетісу обылысы Аксу ауданы Суықсай ауылында орналасқан.
2022 жылдын 26 тамызында конкурстың нәтижесінде Суықсау ауыл округ әкім апараты ММ-не жетекші маман ретінде жұмысқа орналастым.
2023 жылдың 7 қыркүйегінде конкурстың нәтижесінде Суықсау ауыл округ әкім апараты ММ-не бас маман ретінде жұмысқа ауыстым. Қызмет атқарып жатқан ұйым Жетісу обылысы Аксу ауданы Суықсай ауылында орналасқан.
