Мусағалиев Әділет Хайратұлы

    Қоскөл ауылдық округінің әкімі

    Мусағалиев Әділет Хайратұлы
    Аким

    Мусағалиев Әділет Хайратұлы

    Қоскөл ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Мусағалиев Әділет Хайратұлы 1987 жылы 17 қараша күні Қоскөл ауылында дүниеге келді. 1994 жылы Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебінің 1 сыныбына барып, 2000 жылы Егіндікөл ауылына қоныс аударып, 2005 жылы Егіндікөл жалпы орта мектебін аяқтап, 2005 -2009 жылдар аралығында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, 2011-2013 жылда Батыс Қазақстан инженерлік –гуманитарлық университетін Тарих мамандығы бойынша аяқтады.

    Еңбек жолын 2013 тамыз айынан 2015 жылдың тамыз айына дейін Қоскөл жалпы орта мектебінің мұғалімі қызметін атқарды. 2015 жылдың тамыз айында өз еркімен жұмыстан шығып, 2015 жылдың тамыз айында Егіндікөл жалпы орта білім беретін мектебінде Тарих пәнінің мұғалімі қызыметіне тағайындалды. 2018 жылы аудандық білім беру бөлімінің бұйрығымен, 2018 жылдан - 2019 жылдары аралығында Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды, 2019 жылдың тамыз айынан бастап, аудандық білім бөлімінің бұйрығымен Соналы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры қызметіне тағайындалып, 2021 жылдың тамыз айына дейін қызмет атқарды. 2021 жылдың тамыз айы мен 2022 жылдың 25 мамыр айы аралығында Егіндікөл жалпы орта білім беретін мектебінің директоры, 2022 жылдың 3 маусым күнінен бастап Қоскөл ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.