Нұрланұлы Олжас

    Әкімнің орынбасары

    Нұрланұлы Олжас
    Заместитель акима

    Нұрланұлы Олжас

    Әкімнің орынбасары

    Өмірбаян

    1.Жалпы ережелер.

    1.1. Округ әкімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі –Кодекс) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес аудандағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

    1.2.Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді, аппараттың Ережесі мен регламентін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін,осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.

    1.3.Округте әкім Р.Курмаев болмаған жағдайда оны ауыстырады.

    2.Құқығы

    Лауазымдық міндетті атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметшіге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 9 бабымен белгіленген құқықтар беріледі, сонымен қатар:

    2.1. Кәсіптік деңгейін жоғарылату үшін қайта даярлау және біліктілікті көтеру курстарына қатысуға;

    2.2. Осы қызметтік нұсқаулықта анықталған міндеттемелердің жетілдіруіне ұсыныстар енгізуге;

    3.Міндеті

    Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметші

    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10 бабында белгіленген міндеттерді және төмендегі функционалдық міндеттерді атқаруға тиіс:

    3.1.Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының,Үкімет қаулыларының, облыс аудан әкімдерінің нормативтік –құқықтық актілерінің орындалуына бақылау жасайды;

    3.2.Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі –Кодекс) талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;

    3.3. Округтің экономикасы және бюджетін, тұрғын –үй коммуналдық шаруашылық саласында бағыт бағдар беріп, басшылық жасап жұмысын үйлестіреді;

    3.4.Ауыл шаруашылық саласында ауыл шаруашылығы органдармен және меншік нысанына қарамастан, округ аумағында қызмет атқаратын шаруашылық субъектілерімен өзара іскер байланысты жүзеге асырады;

    3.5.Округтің әлеуметтік мәдени шараларды өткізу, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік сала, дене тәрбиесі мен спорт, ақпарат және қоғамдық келісім кеңесі жөніндегі мемлекеттік саясатты үйлестіреді және іске асырады;

    3.6.Аппараттың жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарын жасау, іс қағаздармен жұмыстарды ұйымдастыру, жоғары органдардан, аудан әкімі аппаратынан келіп түскен бақылауда тұрған құжаттардың өз уақытында орындалуын қамтамасыз ету;

    3.7. Округтің қысқа және ұзақ мерзімге арналған стратегиялық және индекативтік әлеуметтік экономикалық бағдарламасын жасау және жүргізу;

    3.8. Округтің әлеуметтік-экономикалық төлқұжатын статистикалық мәліметтерді жинақтап дайындау;

    3.9. Ауыл округінің әлеметтік-экономикалық дамуы бойынша мониторингті құрастырып және оны аудан орталығына тапсыруын қамтамасыз етеді;

    3.10. Ауыл округінің әлеуметтік-экономикалық кешенді бағдарламасын орындау бойынша құжаттарды даярлап және өткізуін қамтамасыз етеді;

    3.11. Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларына және өрт қауіпсіздігі жөнінде жұмыстарды ұйымдастырады;

    3.12. Округ әкімінің ауыл тұрғындары алдында есепті кездесулеріне ақпараттық-талдамалық мәліметтер жинақтап есебін дайындайды;

    3.13. Бюджет сала объектілерінің жылыту маусымына дайындығын және құжаттарын және өту барысын бақылап, тиісті ақпарат талап етеді және әзірлейді;

    3.14. Аппарат қызметкерлерімен қызметтік әдеп нормаларын сақталуы және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының бұзылуының алдын алуды қамтамасыз етеді. Аппарат қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтар және лауазымдық біліктілік талаптарын әзірлейді;

    3.15. Аппаратының регламентінің және ішкі еңбек тәртібінің ережесінің сақталуына, орындалуына басшылық жасайды;

    3.16. Мемлекеттік сатып алу құжаттарын жүргізуге жауапты;

    3.17. Түрлі ақпаратты талдау жұмыстарын жүргізу;

    3.18. Шекаралық аймақты дамыту бағдарламасы бойынша ақпараттық-талдамалық жұмыстарды жүргізеді;

    3.19. Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

    3.20. Округ әкімі аппаратының лауазымдық нұсқаулықтарын, /әзірлеу/ Әкім аппаратының жұмысқа қатысуларын белгілеу /табель толтыру/;

    3.21. Ауылдық округке тартылатын инвестициялық жобалар бойынша инвесторларды тарту. Мәліметін аудандық-экономика жоспарлау бөліміне жолдап жыл көлемінде ақпаратын уақытылы жіберу;

    3.22. Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етеді;

    3.23. Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді.

    4.Жауаптылығы

    4.1. Әкімшілік мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ақ ҚазақстанРеспубликасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгіленген,мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылады.