
Каратаев Алмат Бакытұлы
Жақсыбай ауылдық округі әкімі
Өмірбаян
Мен, Қаратаев Алмат Бақытұлы, 1974 жылы 1 ақпанда БҚО, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылында дүниеге келдім. Ұлтым - қазақ. Қазақстан Республикасы азаматымын.
1981 жылы Жақсыбай ауылындағы бастауыш мектепке барып, 1991 жылы аталмыш орта мектебін бітірдім.
1991 жылы Орал педагогикалық институтының филология факультетіне түсіп, 1995 жылы аталған жоғары оқу орнын бітіріп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықтым.
Жоғары оқу орнында оқуыммен байланысты әскер қатарында болған жоқпын.
1995 жылдан 2002 жылға дейін Жақсыбай ауылындағы орта мектепте мұғалім болып жасадым.
2002 жылы 3 ай мерзімдей Жәнібек ауданы әкімі аппаратының «Туризм және спорт» жөніндегі бас маманы болып жасадым.
2002 жылдың 14 қазанынан бастап 2009 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Жақсыбай ауылы әкімі лауазымдық қызметін атқардым.
2010-2011 жылдары Жәнібек аудандық «Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы», «Балалар, жасөспірімдер спорт мектебінің директоры» лауазымдық қызметтерін атқардым.
2012-13 жылдары Ақжайық ауданының «Талап» орта мектебінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Ақжайық ауданы білім бөлімінің бас маманы болып қызметтер атқардым.
2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін Жақсыбай ауылы әкімі болып қызмет жасап жүрмін.