
Өмірбаян
1988 жылы 26 Наурызда Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылында дүниеге келді.
Ұлтты – қазақ;
Білімі – жоғары;
2005 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетіне түсіп, 2009 жылы «Тұрмыстық қызмет көрсету және сервис» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
01.07.2009-05.07.2010 жж жастар практикасы бойынша «Тастума» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне экономист қызметін атқарды. Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылы.
2010-2012 жылдар аралығында М.Байгужанов Шаруа қожалығында есепші көмекшісі болып қызмет атқарды. Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылы.
03.12.2012 -31.10.2013 жж Ақжар ауылдық округінің әкімі аппаратына оператор қызметіне орналасты.Алматы облысы, Алакөл ауданы, Ақжар ауылы.
2013 жылдың қараша айынан бастап Ақжар ауылдық округінің әкімі аппаратына салық жөніндегі бас маманы қызметтік лауазымына тағайындалды. Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақжар ауылы.



