
Абдікарімов Төребай Асқарұлы
Акима сельского округа Абдікарімов Т.А.
Өмірбаян
Өмірбаян
Мен Абдікарімов Төребай Асқарұлы 1992 жылы мамыр айының 8 жұлдызында Түркістан қаласы, Жүйнек ауылдық округі, Жүйнек ауылында дүниеге келгенмін.
1998-2007 жылдар аралығында негізгі орта білімді «А.Югнаки» атындағы жалпы орта мектебінде оқығанмын.
2007-2011 жылдар аралығында Түркістан индустриалды педагогикалық колледжін кәсіптік оқыту шебері, техник-бағдарламашы мамандығында бітіргенмін.
Үйленгенмін, 1 қыз 2 ұлды тәрбиелеп отырмын.
2011 – 2012 жылдар аралығында Семей қаласындағы №55/11 әскери бөлімінде отан алдындағы борышымды өтедім.
04.05.2015-30.12.2015 жылдар аралығында «Аяулым-М» балабақшасы» ЖШС-де техник-бағдарламашы қызметін атқардым.
04.01.2016-31.12.2017 жылдар аралығында «Аяулым-М» балабақшасы» ЖШС-нің меңгеруші лауазымын атқардым.
04.01.2017-31.12.2020 жылдар аралығында «Мустапаева Жумакул» шаруа қожалығында атқарушы директор болып жұмыс істедім.
2018 жылы Ақмола облысы, Астана қаласында «Харекет» қайырымдылық қорының өңір басшысы қызметін атқардым.
2019 жылы Түркістан облысы бойынша «Харекет» қайырымдылық қорының өңір басшысы қызметін атқардым.
2020 жылдан бастап «ASAR» Түркістан еріктілер тобы қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып қазіргі таңға дейін қызмет атқарып келемін.
2021 – 2023 жылдар аралығында «Заңғар-М» мектеп-интернаты» ЖШС-де мектеп директоры болып жұмыс атқардым.
2020-2023 жылдар аралығында «Эко Алем.KZ-21» ЖШС-нің басшысы болып қызмет атқарғам.
2023 жылдан 14 мамыр айнан бастап Жүйнек ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарудамын.