
Ыбрайханов Наркен Аркенұлы
Тұрғын-үй коммуналды шаруашылығы жөніндегі бас маманы
Өмірбаян
Өмірбаян
Мен Ыбрайханов Наркен Аркенұлы, 03 сәуір 1991 жылы Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Бұлақты ауылында дүниеге келдім.
1998 жылы қыркүйек айында Алакөл ауданы Бұлақты ауылында Қант зауыты орта мектебінің 1 сыныбына қабылдандым. 2007 жылы оқу орнының 9-сыныбын бітірдім.
2007 жылы қыркүйек айында Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің колледжіне түсіп 2010 жылы «Қаржыгер» мамандығы бойынша тәмамдадым.
2010 жылы Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне жоғарғы оқу орнына түсіп, «Қаржыгер» мамандығын алдым.
Еңбек жолымды 2017 жылы 04 қаңтарда Алакөл ауданы, Достық ауылдық округінің әкімі аппаратында дене шынықтыру және спорт әдіскері ретінде жұмысқа қабылданып, қызмет атқардым. 2018 жылдың 31 қаңтарында осы лауазымнан өз еркім бойынша жұмыстан босатылдым.
2020 жылдың 05 тамызда Жетісу облысы, Алакөл ауданы Үшарал қалалық округі әкімі аппаратының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жөніндегі бас маман лауазымына қабылданып, қазіргі таңда осы сала бойынша қызмет атқарып жатырмын.
Отбасы жағдайым -үйленгем. 2017 жылы 12 қыркүйекте некеге тұрдым.
Жұбайым: Ыбрайханова Айдана Бейбітқызы, 21.11.1993 жылы Саркан ауданы, Қойлық ауылында дүниеге келген. Үшарал қаласы №1 мектепте Физика пәні мұғалімі болып жұмыс жасайды.
Қызым: Аркен Аиша Наркенқызы 17.01.2019 жылы Үшарал қаласында дүниеге келді.
Ұлым: Аркен Арсен Наркенұлы 05.09.2021жылы Үшарал қаласында дүниеге келді.




