
Утепбергенов Гарифола Тулепович
Ауылдық округ әкімі
Өмірбаян
Утепбергенов Гарифола Тулепович - 1963 жылдың 25 қаңтарында БҚО Бөрлі ауданы Бестау ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. Орал ауылшаруашылық институтын зоотехник мамандығы бойынша бітірген.
1980-1981 жж.-Орал облысы Бөрлі ауданы "Ақсу" совхозының комбайыншысының көмекшісі, тракторшысы,
1981- 1983 жж. - Кеңес армиясының қатарында қызмет,
1983-1993 жж.-Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы "Ақсу" совхозының тракторшысы,
1993-1997 жж.-Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы «Ақсу» АӨК-нің мал өсіруші-бригадирі, картоп өсіру жөніндегі топ басшысы,
1997-2001 жж. - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы «Утепбергенов Г.Т.» ШҚ-ның басшысы,
2001-2008 жж. - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсу селолық округінің әкімі,
2008-2013 жж.- Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақбұлақ селолық округінің әкімі,
2013-2021 жж. - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсу ауылдық округінің әкімі,
2021 жылдың 28 шілдесінен бастап Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсу ауылдық округінің әкімі.