
Айтпаева Сәуле Талғатқызы
Ұзынкөл ауданының білім бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Айтпаева Сәуле Талғатқызы
1992 жылы 6 маусымда Қостанай қаласында педагогтар отбасында дүниеге келген. 2014 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша бітірді.
Мансап
Еңбек жолын 2014 жылы С. Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясында ағылшын тілі мұғалімі болып бастаған. 2015 жылдың қазан айынан 2016 жылдың шілдесіне дейін Германияда AU-pair бағдарламасы бойынша тұрып, жұмыс істеді. 2016 жылдан 2024 жылға дейін Рудный және Қостанай қалаларының мектептерінде ағылшын тілі мұғалімі, Бейімбет Майлин ауданының Береговое жалпы білім беретін мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымдарын атқарды. 2024 жылғы 27 қарашадан бастап Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының балаларды әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Өңірлік кадр резервінің мүшесі бола отырып, 2025 жылғы қаңтарда «Ұзынкөл ауданының білім бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды.



