
Мамаева Гүлмира Қасымқызы
Басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
Гүлмира Мамаева 1975 жылы туған. Білімі жоғары. 1999 ж. Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы, 2008 жылы Орталық-Азия Университетін «Құқықтану» мамандығы, 2018 жылы Алматы Менеджмент Университетін «Іскерлік әкімшілендіру» (магистр) мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы Ақтау қаласындағы білім беру мекемелерінде мұғалім болып бастаған.
2003-2004 жылдар аралығында Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы болып жұмыс жасады.
2005-2006 жылдар аралығында «Қазақстан «РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалында әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2006-2012 жылдар аралығында Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасында кеңесші, бас маман, бөлім басшысы лауазымдарын атқарды.
2013 жылы Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ақпараттық- талдау бөлімінің басшысы болды.
2013-2016 жылдар аралығында «Маңғыстау облысының мемлекеттік-жеке меншік әріптестік өңірлік орталығы» АҚ департамент басшысы қызметін атқарды.
2016 жылдан бастап осы күнге дейін Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары болды.

