
Андалиев Ғалым Меңдалыұлы
Маңғыстау облысының жұмылдыпу даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы
Өмірбаян
Андалиев Ғалым Меңдалыұлы, 1969 жылы 10 сәуірде Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Есенсай ауылында дүниеге келген. 1994 жылы А.С. Пушкин атындағы «Құрмет Белгісі» орденді Орал педагогикалық институтын «Бейнелеу өнері, сызу және еңбекке баулу пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
1987-1989 жылдары КСРО Қарулы Күштері қатарында мерзімді әскери қызмет атқарды.
1994-1997 жылдары Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы Тайпақ аудандық білім бөлімінің Краснояр орталау мектебінің директоры, бейнелеу өнері, сызу пәндерінің мұғалімі.
1999 жылдан 2002 жылға дейін Маңғыстау облысының әскери комиссариатында жұмыс жасады.
2002 жылдан 2016 жылға дейін ҚР ҚК офицерлік құрамының лауазымдарында әскери қызмет атқарды. Әскери атағы «подполковник».
2018 жылдан 2019 жылға дейін «Ақтау қалалық білім даму орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің эстетикалық және спорт бағытындағы пәндер әдіскері.
2020 жылдан 2022 жылға дейін Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2022 жылдан бастап «Маңғыстау облысының жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып қызмет атқарады.