Өмірбаян
Мен, Туржанова Умит Оразбаевна 1965 жылы 19 қыркүйекте Шымкент облысының Сарыағаш селосында жұмысшы отбасында дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының азаматымын. 1972 жылы Сарыағаш қаласындағы №1 М.Әуезов атындағы мектепке барып, 1980 жылы 8 сыныпты бітірдім. 1980-1983 жылдары Қапланбек зоотехникалық малдәрігерлік техникумында оқып, бухгалтер мамандығын алдым.

1983-1984 жылдары Сарыағаш қаласындағы Материалдық жабдықтау базасында картотекашы болып істедім. 1984-2001 жылдары Сарыағаш қаласындағы шарапты қайта өңдеу зауытында есепші, аға есепші, бас есепші орынбасары қызметтерін атқардым. Шарап зауыты 1986 жылы Сусындар құю өндірістік ұйымы болып, 1996 жылы Сарыағаш суы АҚ болып қайта құрылған.
2000-2003 жылдары Тараз қаласындағы Әулие ата унтверситетінде сырттай оқыдым. 2001-2005 жылдар аралығында бала тәрбиесімен айналыстым.
2005 жылдың ақпан-қазан айларында Сарыағаш аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде іс жүргізуші, 10.2005-05.2007 жылдары Сарыағаш қаласы әкімі аппаратында бас маман іс басқарушы, 05.2007-08.2013 жылдары Көктерек поселкесі әкімі аппаратында бас маман іс басқарушы қызметін атқардым. 6 тамыз айы 2013 жылдан осы күнге дейін Көктерек кенті әкімі қызметін атқарып келемін.