
Өмірбаян
Дәндібаев Сағындық Мұхамедияұлы 1969 жылы 23 ақпанда Жезқазған облысы Жезді районы ХХІІІ партсъезд КПСС совхозында дүниеге келді. Ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы. Отбасылы, 2 баласы бар. Білімі жоғары.
1987-1989 ж.ж. - Ресейде (Псковь облысы) Отан алдындағы борышын өтеді;
1993 ж.- Жезқазған педагогикалық институтының «Жалпытехникалық пәндер және еңбек,
қосымша бағдар беру» курсын бітіріп шықты;
1993 ж. - №18 Мибұлақ орта мектебіне мұғалімі болып қабылданды;
1997 ж.- алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді;
1997-2000 ж.ж. - №18 Мибұлақ орта мектебінде сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы қызметін атқарды;
2006-2012 ж.ж.- №18 Мибұлақ орта мектебінің директоры қызметін атқарды;
2007-2012 ж.ж. - Ұлытау аудандық мәслихатының депутаты болды;
2012-2014 ж.ж. - №18 Мибұлақ орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді;
2014 ж. - №18 Мибұлақ ЖООБМ КММ директоры қызметін атқарды;
«AMANAT» Партиясының мүшесі;
2021 жылдың 28 қыркүйекте өткен әкімдер сайлауының қорытындысы бойынша Ұлытау ауданы Мибұлақ ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.