
Мусоболинова Раушан Калымовна
"Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Северное ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
Өмірбаян
1974 жылы 04 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Никитинка ауылында дүниеге келген. 1998 жылы "С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "инженер-педагог"мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы "Қазақстан - Америка еркін университетін" "Дене шынықтыру және спорт"мамандығы бойынша бітірген
Еңбек қызметі. 1991-2003 жылдары "Эрнст Тельман атындағы орта мектеп" - ұзартылған күн тобының тәрбиешісі, бейнелеу өнері, сызу пәнінің мұғалімі. 2003-2011 жылдары "Киров орта мектебі"ММ физика, сызу, сурет салу мұғалімі. 2011 - 2018 жылдары "Андрей Сумин атындағы орта мектеп"КММ дене шынықтыру мұғалімі, директордың тәрбие работе жөніндегі орынбасары. 2018 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы, Северное ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы. 2022 жылдың қазан айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Северное ауылдық округінің әкімі болып сайланды.