
Саякова Дана Бейсембайқызы
Кенен ауылдық округінің бас маманы
Өмірбаян
Саякова Дана Бейсембайқызы 1977 жылы 09 қарашада Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Ленин совхозында дүниеге келген. 1998 жылы Құлан ауылшаруашылық колледжге оқуға тусіп, 2000 жылы арнаулы орта біліммен қаржы және салық салу мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Тараз қаласында Алматы экономика және статистика академиясына оқуға тусіп, 2009 жылы қаржыгер мамандығы бойынша жоғары біліммен аяқтады.
2002 -01.10.2004 жж Ақбұлақ ауылдық клубының клуб меңгерушісі.
06.10.2004 – 23.04.2007 жж Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту бөлімшесінде жұмыс іздеуші ретінде есепке тұрған.
24.04.2007 жылы Т. Рысқұлов ауданы әкімінің шешіміне сәйкес Ленин ауыл аймағы әкімі аппаратына G-14 санатымен келісім шартпен уақытша жұмысқа қабылданған.
09.09.2007 жылы Ленин ауылдық округі әкімі аппаратында уақытша маман ЕG-5 санаты бойынша жұмысқа қабылданған. 2007 жылы 08 қарашада Ленин ауылдық округі әкімі аппаратына мемлекеттік қызметкер лауазымына жетекші маман ЕG-5 санаты бойынша тағайындалды.
2008 жылы 01 сәуір айында Ленин ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман ЕG-5 санатынан бас маман ЕG-3 санатына ауыстырылды.
2020 жылы 26 наурыз айынан бастап Т. Рысқұлов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратынан жұмыстан босатылып, 2020 жылы 27 науырыз айынан Жамбыл облысы Қордай ауданы Кенен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып тағайындалды. 2020 жылдан бүгінгі күнге дейін Кенен ауылдық округінде бас маман болып қызмет атқарады.


