Жанатаев Айтпай Ильич

    Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылдық округінің әкімі

    Жанатаев Айтпай Ильич
    Аким

    Жанатаев Айтпай Ильич

    Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    1964 жылы Қостанай облысы, Боровской ауданы, Михайловка ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Михайловка орта мектебін бітірді. 1981-1986 жылдары Алматы қаласының Алматы Еңбек Қызыл Ту ордені зооветеринарлық институтына "Зооинженер" мамандығына түсіп, бітірген.
    2004 жылы Еуразия Гуманитарлық институтын "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1986 жылы Державин совхоз-техникумында оқытушы болып бастаған. 1988 жылы Гастелло ауылында бас зоотехник лауазымына ауыстырылды, Державин совхоз техникумы директордың оқу ісі жөніңдегі орынбасары болды. 1989 жылдан 2004 жылға дейін Новоишимка совхоз-техникумында директордың өндірістік оқу ісінің орынбасары, директордың оқу ісі жөніңдегі орынбасары, колледж директоры болып еңбек етті.

    2004 жылдан 2014 жылға дейін өзін-өзі жұмыспен қамтыған мәртебесінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бастап "Ақ Мырза" шаруа қожалығының басшысы.

    2025 жылғы 20 қаңтарда Жанатаев Айтпай Ильич Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен Жаңаесіл ауылдық округінің әкімі ретінде тіркелді.