
Өмірбаян
Фушанло Рустам Юнусович
Сортөбе ауылдық округі әкімінің
Жалпы ақпарат, білім
Фушанло Рустам Юнусович 1986 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылында дүниеге келген.
2008 жылы Ж.Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.
Мансап
Еңбек жолын 2009 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округі әкімі аппаратының әлеуметтік қызметкері ретінде бастаған. 2013 жылы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы.
2015-2018 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, кейін бас маманы болып жұмыс істеді,
2019-2020 жылдары-Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округі әкімінің, әкім аппаратының орынбасары
2020 жылғы желтоқсаннан 2021 жылғы 3 сәуірге дейін Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы
2021 жылдың сәуір айынан Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округінің әкімі.