Иенберген Алмас Білімұлы

    Ауқатты ауылдық округінің әкімі

    Иенберген Алмас Білімұлы
    Аким

    Иенберген Алмас Білімұлы

    Ауқатты ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Иенберген Алмас Білімұлы 1994 жылы 21 қаңтар айында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қызылсай ауылында дүниеге келген. 2009-2012 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша және 2018 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік Университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.

    Еңбек жолын 2012 жылы «Жастар тәжірибесі» бойынша Қордай аудандық салық басқармасында бастады. 2012-2020 жылдары Қордай ауданы әкімінің аппаратында инспектор, бас маман, аудан әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2020 жылдан бастап 2023 жылға дейін Қордай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру – инспекторлық жұмысы бөлімшесінің басшысы лауазымын атқарды. 2023 жылдың тамыз айынан бастап- Жамбыл облысы Қордай ауданы Ауқатты ауылдық округінің әкімі.