
Өмірбаян
1971 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Сұрым ауылында туған. Білімі - жоғары, 2005 жылы Әулиеата университетін экономист мамандығымен тамамдаған. Ұлты - қазақ.
Еңбек жолын 1988-1993 жылдары Октябрь ауылындағы «Бурное» атындағы совхозда жұмысшы болып бастаған. 2000-2009 жылдары Жуалы аудандық салық комитетінің бас маманы, 2009-2010 жылдары Жамбыл ауданы Аса ауылында «Қазпочта» АҚ Жамбыл аудандық филиалының аға нұсқаушы, Жуалы аудандық пошта байланыс торабының басшысы, 2010-2013 жылдары Байзақ аудандық пошта байланыс торабының басшысы, 2013 жылдың шілде айына дейін Жуалы аудандық пошта байланыс торабының басшысы, 2013-2017 жылдары Көкбастау ауылдық округінің әкімі, 2017-2019 жылдары Ақсай ауылдық округінің әкімі, 2019-2021 жылдары Қызыларық ауылдық округінің әкімі, 2021-2022 жылдары Б.Момышұлы ауылының әкімі, 2022-2024 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы, 2024 жылдың 12 ақпанынан Қызыларық ауылдық округі әкімі қызметін атқаруда.