
Өмірбаян
Махсотов Ерлан Ескендірұлы – 1981 жылы 11 шілдеде Атырау облысы, Новобогат ауданы (қазіргі Исатай ауданы) Жанбай ауылында дүниеге келген.
Ұлты қазақ. Отбасылы.
1998 жылы Жанбай селосындағы Х.Нәубетов атындағы орта мектебін бітірді.
Білімі – жоғары. 1998 жылы Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарих факультетінің тарих-география пәні мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2003 жылы бітірді.
Еңбек жолын 2003-2005 жылдары Х.Нәубетов атындағы орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі;
2005-2006 жылдары Исатай аудандық білім беру және спорт бөлімінде бас маман;
2006-2007 жылдары Исатай аудандық білім бөлімі тарих және құқық пәндері бойынша әдіскер;
2007-2008 жылдары Исатай орта мектебінің директоры;
2008-2009 жылдары Х.Нәубетов атындағы орта мектебінде тарих пәні мұғалімі;
2009 жылдың ақпанынан-қараша айы аралығында Исатай аудандық білім бөлімі тарих, география және құқық пәндері бойынша әдіскер;
2009-2010 жылдары Аудандық білім бөлімінің бөлімше басшысы;
2010-2014 жылдары Исатай аудандық білім бөлімі тарих, география, құқық пәндері, алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі пәндері бойынша әдіскер;
2014-2019 жылдары Исатай аудандық білім бөлімі Әдістемелік кабинетінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2019-2024 жылдары Зинеден ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.
2024 жылдың желтоқсан айынан Жанбай ауылдық округінің әкімі