Сатанова Салима Құдайбергенқызы

    Әкімнің орынбасары

    Сатанова Салима Құдайбергенқызы
    Заместитель акима

    Сатанова Салима Құдайбергенқызы

    Әкімнің орынбасары

    Өмірбаян

    Сатанова Салима Құдайбергенқызы 1973 жылы 14 қарашада Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылында дүниеге келген.

    1990 жылы Қордай ауылының №3 Абай атындағы орта мектебін аяқтап, сол жылы Шымкент қаласындағы Кооперативтік техникумына оқуға түсіп, 1993 жылы бітірген. 2010 жылы Алматы қаласындағы «Экономика және құқықтану Академиясы» жоғарғы оқу орнына түсіп, 2015 жылы заңгер мамандығы бойынша аяқтап шықты.

    Еңбек жолын 2007 жылы ақпан айында Қордай ауданы әкімі аппаратында іс-жүргізуші болып бастады. 2007 жылы тамыз айында Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының есепші-кассирі. 2007 жылы қараша айынан бастап Қордай ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің жетекші маманы. 2008 жылы 21 тамыздан бастап аудан әкімі аппараты кеңсе бөлімшесінің бас маманы. 2009 жылдың 10 тамызынан Масанчи ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болды. 2009 жылдың 20 желтоқсанынан қайтадан аудан әкімі аппараты кеңсе бөлімшесінің бас маманы. 2018 жылдың 29 қаңтарынан аудан әкімі аппараты кеңсе бөлімшесінің басшысы. Сол 2018 жылдың 15 мамырында аудан әкімі аппаратының бас инспекторының міндетін атқарушы. 2018 жылы 10 шілдесінен Қордай ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. 2019 жылдың 29 қарашасынан бастап Жамбыл ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымына ауысты.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері