
Өмірбаян
Елемесова Кулжахан Алмасовна 1965 жылы 06 қазанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасай ауылында дүниеге келді.
Еңбек жолымды 1987 жылы 07 тамыздан бастап 1989 жылы 10 сәуірге дейін Тараз қаласы Жамбыл тері комбинаты инженер- электроник жұмысшы болып қызмет атқарды.
1989 жылы 29 мамырдан бастап 1993 жылы 05 шілдеге дейін Жамбыл облысы Қарасай ауылы «Алмалы» совхозында бригадир көмекшісі болып қызмет атқарды.
1993 жылы 05 шілдеден бастап 1995 жылы 12 маусымға дейін Жамбыл облысы Қарасай ауылы «Алмалы» совхозында бухгалтер болып қызмет атқарды.
1996 жылы 01 наурыздан бастап 1998 жылы 12 ақпанға дейін Жамбыл облысы Қарасай ауылы «Алмалы» совхозында бақша жұмысшысы болып қызмет атқарды.
1998 жылы 12 ақпаннан бастап 2002 жылы 31 мамырға дейін Жамбыл облысы Қарасай ауылы «Арал» шаруа қожалығында жұмысшы болып қызмет атқарды.
2002 жылы 01 маусымнан бастап 2018 жылы 13 қыркүйекке дейін Жамбыл облысы Қарасай ауылы Қарасай ауылдық клубы клуб меңгерушісі болып қызмет атқарды.
2018 жылдың 13 қыркүйегінен бастап Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасай ауылдық округі әкімі аппаратының әкімі болып жұмыс істейді.