
Өмірбаян
Курмашев Айдын Кайруллаевич, 1983 жылдың 14 маусымында, Жезқазған облысы,Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде жұмысшы отбасында дүниеге келген.
Үйленген. 4 баласы бар.
1989 -2000 жылдар аралығында, Атасу кентіндегі Н.К.Крупская атындағы орта мектепте оқыған.
Білімі жоғарғы. 3 Жоғарғы орында білім алған.
- 2004-2009 жж. Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша.
- 2012-2014 жж. Карағанды «Болашақ» Жеке Университетінің «Заңгер» мамандығы бойынша.
- 2018-2020 жж. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің «Экономист» мамандығын тәмамдаған.
Еңбек жолың 26.04.2001 ж. Жаңаарқа ауданындағы ДЭУ- 43 мекемесінде 2 разрядтағы Жол жұмыскері болып бастаған.
2001-2006 жылдар аралықта штукатур-маляр, жай жұмыскер, монтажник болып еңбек атқарған.
2006 жылы «Жаңаарқа ауданының Жылжымайтың мүлік орталығы» РМК-на маман болып жұмысқа орналасып, 2010 жылдың 17 ақпанынаң бастап басшы қызметін атқарды.
2016 жылдың 08 сәуірінең кәсіпорынның қайта құрылуына байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мы, Жаңаарқа ауданының «Жер кадастры және жылжымайтын мүлік» бөлімің басшысы болып қызмет атқарған.
2018 жылдың 13 шілдесінең қазіргі уақытқа дейін «Жаңааарқа ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде басшы болып жұмыс атқаруда.
2013 жылы Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтықкөмек көрсету комитеті төрағасының Грамотасымен марапатталған.
2015 жылы Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
2017 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарма төрағасының Алғыс хатымен марапатталған.
2021 жылы Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.
2025 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ""Ауыл шаруашылығы саласының үздігі төсбелгісімен марапатталған.
Бірнеше аудан әкімінің Алғыс хат және Құрмет грамоталарымен марапатталған.





