
Өмірбаян
Сатылганов Есенбек Исатаевич 1978 жылы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Сафон ауылында дүниеге келген.
Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары
1996 жылы Сафон ауылындағы Ф.Энгельс атындағы орта мектебін үздік аяқтап, сол жылы Х.Досмухамедов атындағы Атырау Университетінің, экономика факультетінің, құқық және экономика мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2000 жылы үздік дипломмен аяқтап, жоғары білім алып шықты.
2022 жылы Х.Досмухамедов атындағы Атырау Университетінің «Экономика және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша «бизнес және басқару бакалавры» дәрежесімен екінші жоғары білім алды.
Сонымен қатар Мәскеу ашық өңірлік Университетінің Атырау филиалы жанынан информатика және компьютер технология мамандығы бойынша информациялық технологиялар оқуын тамамдаған.
2000-2003 жылдары Ф.Энгельс атындағы орта мектебінде информатика және құқық пәндері бойынша мұғалім болып, еңбек жолын бастаған.
2003-2006 жылдары Ф.Энгельс атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2006- 2013 жылдары Сафон селолық округінің әкімі болып жұмыс жасаған.
2013 жылдың наурыз-тамыз айларында Бірлік селолық округінің әкімі болып қызмет атқарған.
2013 жылдың тамыз айынан 2017 жылдың тамыз айына дейін Сафон ауылдық округінің әкімі болып еңбек етті.
2017 жылдың тамыз айынан 2025 жылдың шілде айына дейін жеке шаруа қожалықта атқарушы директор қызметің атқарды.
2025 жылдың шілде айынан бастап Сафон ауылдық округінің әкімі.
2016-2017 жылдары «Nur Otan» партиясының Атырау облыстық саяси бюро мүшесі болды.