
Тантыбай Ербол Жоламанұлы
"Мұсабек ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әкімі
Өмірбаян
Мен, Тантыбай Ербол Жоламанұлы 10.01.1971 жылы Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұсабек ауылында дүниеге келдім. 1977 жылы Қызыларық орта мектебіне барып, 1987 жылы сол мектептен орта білім алдым, 1987-1989 жылдары Көксу ауылшаруашылық техникумынан техник-механик мамандығңын алдым. 2005-2010 жылдары І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің экономика бөлімінен Қазақ қатынас жолдары университетін эконмика бакалавры мамандығын алдым.
31.07.1991 жылы Мұсабек ауылдық дәрігерлік амбулаториясында жедел -жәрдем көлігінің жүргізушісі болып еңбек жолын бастадым. 31.08.1992 жылы Мұсабек кооперативтер бірлестігінде санақшы болып істедім. 01.01.1994 жылы осы ұжымда бригадир көмекшісі болып ауысып, 09.02.1995 жылы ұжым атауы өзгеруіне байланысты бригадир көмекшісі болып қайта тағайындалдым. 15.06.2002-01.12.2005 жылы Мұсабек ұжымдық ауылшаруашылығы кооперативінің төрағасының орынбасары болып жұмыс істедім. 01.12.2005 жылы Мұсабек жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып қайта құрылуына байланысты агроном-бригадир болып ауыстырылдым. 22.08.2006 жылы өз еркіммен басқа жұмысқа ауысыма байланысты босатылдым. 23.08.2006 Үштөбе станциясында ҚТЖ ҰК АҚ ЭЧ-20 мекемесіне инженер -экономист болып орналастым. 05.09.2006 жылы аяқталмаған оқу үшін босатылып, 12.10.2006 жылы Достық станциясына калпына келтіру пойызының мастері болып орналастым. 22.05.19 жылы Үштөбе қалпына келтіру пойызына көтергіш құралдарының мастері болып ауыстырылдым .