
Бейсенбеков Беймбет Несипбекович
Ертіс ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
1966 жылы 10 сәуірде Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданы, Егіндібұлақ ауылында дүниеге келді. Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты – қазақ. 1973 жылы Егіндібұлақ ауылының №1 мектебіне қадам басты, 1983 жылы Қарағайлы елді мекенінің №2 мектебін бітірді. 1983 жылы Семей зоотхникалық-ветеринарлық институтының ветеринария факультетіне түсті. 2.06.1984 жылдан 24.04.1986 жылға дейін Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1990 жылы Семей зоотхникалық мал-дәрігерлік институтының мал дәрігері факультетін тәмәмдады, мал дәрігері квалификациясын иемденді.
1990 – 1991 жылдары Қарағанды облысы, Молодежный ауданы, Қазақстан ауылында мал дәрігері болып жұмыс жасады. 1991 жылы өз еркімен жұмыстан шықты. 1991 жылы Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданы, Комсомол ауылының аға мал дәрігері болып жұмысқа тұрды. 1992 жылы Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданы, Комсомол ауылының бас мал дәрігері болып ауыстырылды. Көшуіне байланысты 1997 – 1998 жылдар аралығында Кузнецк ауылында мал дәрігері болып жұмыс істеді, 1998 – 2002 жылдар аралығында Кузнецк орта мектебінің директоры орынбасары статусында АӘД ұйымдастырушысы қызметін атқарды. 2002 – 2013 жылдар аралығында Қарағанды облысы, Бұхаржырау аудан, Тоғызқұдық ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды. 9.08.2013 жылдан 21.11.2013 жылға дейін Қарағанды облысы, Бұхаржырау аудан, Тоғызқұдық ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы болды. 21.11.2013 жылдан бастап Тоғызқұдық ауылдық округінің әкімі қызметіне тағайындалды, бұл қызметте 13.04.2016 жылға дейін болды. 2016 жылдан 2018 жылға дейін Қарағанды қаласында «АрайKZ» ЖШС-де мал дәрігері болып жұмыс істеді. 2018 жылдан 28.06.2019 жылға дейін Қарағанды облысы, Бұхаржырау ауданы, Үміткер ауылдық округінде әкім болып жұмыс істеді. 29.06.2019 жылдан 30.06.2020 жылға дейін Осакаровка ауданының ветеринария бөлімінің басшысы болып жұмыс атқарды. 1.07.2020 жылдан 29.04.2021 жылға дейін эпизоотияға қарсы шараларды ұйымдастыру және жұқпалы емес ауруларды бақылау бөлімінің Осакаровка ауданындағы бас маман-уәкілі қызметін атқарды. 2021 жылдың 30 сәуірінен бастап Қарағанды облысы Осакаров ауданы Молодежный кентінің әкімі. 2023 жылдың маусым айында Ертіс ауылдық округінің әкімі болып сайланды.