Ибрагимов Мият Садырұлы

    Т.Рысқұлов ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі

    Ибрагимов Мият Садырұлы
    Аким

    Ибрагимов Мият Садырұлы

    Т.Рысқұлов ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    1971 жылы Т.Рысқұлов ауданы, Қызылшаруа ауылында дүниеге келген. Үйленген.

    Мият Садырұлы 1971 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Қызылшаруа ауылында дүниеге келген.

    1994 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «математика және информатика» мамандығы бойынша бітірген.

    1995-1998 жылдары Қызылшаруа орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі, 1998-2002 жылдары өз бетінше кәсіппен айналысқан.

    2002-2003 жылдары Луговой ауылындағы М.Горький орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі, 2003-2006 жылдары Балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры, 2006-2011 жылдары өз бетінше кәсіппен айналысқан.

    2011-2020 жылдары Балалар мен жасөспірімдер орталығының директорының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ал 2020 жылдан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Т.Рысқұлов аудандық білім бөліміне қарасты Қызылшаруа ауылы, Қызылшаруа орта мектебінің оқу ісі жөніндегі директорының орынбасары болып қызмет атқарған.

    2025 жылдың тамыз айынан бүгінгі күнге дейін Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.